Танысын өртеп жіберген 72 жастағы зейнеткер сотталды

Танысын өртеп жіберген 72 жастағы зейнеткер сотталды

Танысын өртеп жіберген 72 жастағы зейнеткер сотталды
ашық дереккөзі
1559

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 72 жастағы тұрғыны ер адамға бензин құйып, артынан сіріңке лақтырған. Ер адам күйік алды, зейнеткерге үкім шығарылды, деп хабарлайды Liter.kz Устинка LIVE.

Оқиға биыл жазда болған.Зейнеткер біраз уақыт бойы танысымен бірге тұрған. Бір күні ер адам мас болып келген, ал зейнеткер оны пәтерге кіргізуден бас тартқан. Ал танысы кетуге асықпаған. Бір кезде зейнеткердің шыдамы таусылып, қонағына пластик бөтелкедегі бензинді құйып, жанып тұрған сіріңкені лақтырған. Сотта зейнеткер ер адамға бензин құйғанын мойындады, бірақ өртемегенін айтқан. Оның айтуынша, зардап шеккен адамды басқа біреу өртеп жіберген. 72 жастағы әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары