Иса пайғамбардың қабірі қаз қалпында сақталған

Иса пайғамбардың қабірі қаз қалпында сақталған

Иса пайғамбардың қабірі қаз қалпында сақталған
ашық дереккөзі
1552
Иерусалимде Құдай қабірі храмын зерттеп жатқан археологтар наным бойынша Иса пайғамбар жерленген орын қаз-қалпында сақталғанын анықтады. Бұл туралы National Geographic журналы жазды, деп хабарлайды Baq.kz.
 26 қазанда тарихи оқиға орын алды. Ғалымдар діни мұраның құпиясын ашу мақсатында пайғамбардың қабірін қаптаған тақтаның бетін ашты. Ол тақта кем дегенде 1555 жылы орнатылған. Ол осы жерге табыну үшін келген қажылар қасиетті мұраны ырым тұтып, шетінен сындырып әкете берген соң орнатылыпты.
Ғалымдардың есебі бойынша, тақта астынан археологтар 60 сағатқа созылған тынымсыз аршу жұмыстарынан кейін бетінде кресті бар тағы бір тақтаны анықтайды. 28 қазанға қараған түні қабірді аршуға бөлінген уақыт аяқталуға санаулы сағаттар қалғанда археологтар оның әктен құйылған алғашқы нұсқасына жетті. Ғалымдардың пайымынша, қасиетті мұра қаз қалпында сақталған. Тарихшылар зерттеу жүргізу арқылы IV ғасырда Иерусалимде қазба жұмыстарын жүргізген әулие Елена не себепті осы қабір Иса пайғамбардың жерленген орны деп шешкенін анықтауға тырысып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғаламторда Иерусалимде орналасқан Иса пайғамбардың мәйіті жерленген Құдай қабірі храмында ғалымдар археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында киелі қабірдің бетіндегі мәрмәр тақтасын ашу сәтінің видеосы пайда болды. Оны National Geografic журналы өз сайтына жариялады. Құдай қабірі храмы Иерусалимде орналасқан. Қабірдің қазіргі кейпі 1809-1810 жылдарда грек сәулетшісі Николя Коминнің жобасы бойынша қалпына келтірілді. Онда, Евангелие бойынша, Иса пайғамбар крестке керілгеннен кейін жерленіп, үшінші күні тіріліп, көкке ұшып кеткен.    

Серіктес жаңалықтары