234
АҚШ Фетхуллах Гүленді Түркияға қайтаруы мүмкін
АҚШ Фетхуллах Гүленді Түркияға қайтаруы мүмкін
Түркияның Анадолы агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Сыртқы істер министрлігінен есімін жарияламауды сұраған жоғары өкілетті бір қызметкер: «Таза діни қозғалыстан тыс, оффшорлық ақшаны заңдастыру үшін арнаулы ұйымдасқан ақша жасырған тұлғаларды байқадық. Гүлен турасындағы айыптаулардың шындыққа жанасуы мүмкін» деген деп жазады baq.kz.
АҚШ-тың AP хабар агенттігі таратқан ақпаратта, аталған тұлға «Түркияның Фетхуллах Гүлен турасындағы айыптаулары үшін жеткілікті және шынайы дәлелдері бар» деп баса айтқан. Ол, өз сөзінде Гүлен тарапынан басқарылып жүргізілген қорлар мен оқу мекемелерінің күмәнді құрылымы мен қаржыландыру жүйесі болғанын жетізген. Есімін ашыққа шығарғысы келмеген тұлға, Түркиядағы төңкеріс әрекетінің артында тұрған ФЕТӨ террор ұйымының жетекшісі Гүлен екеніне қатысты АҚШ құзырлы органдарында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. АҚШ СІМ өкілі Түркиядағы «төтенше жағдай» режимінде жүріп жатқан «Төңкеріске қатысты тұтқындаулар мен тергеу жұмыстарына» да алаңдаушылық білдіріп, Түркияны демократиялық принциптер аясында әрекет етуге шақырды.