Бразилия президентін вакцина салдырмағаны үшін мейрамханаға кіргізбеген
Вакцина салдырмаған Бразилия президенті мейрамханаға кіре алмаған, деп хабарлайды regnum.
Бразилия президенті Джейр Болсонару БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған. Қалада ол бразилия тағамдарын пісіретін мейрамханаға барғысы келіпті, бірақ ішке кіре алмады: мейрамхана әкімшілігі оны коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны үшін ішке өткізбеді.
"Біз оны кіргізе алмас едік: бұл - заңға қайшы", – деді мейрамхана менеджері.