Өз әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Өз әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Марқұмның денесі 12 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданына қарасы Ават ауылының маңынан табылды. Сараптама кезінде қабырғалары бірнеше жерден сынғаны да анықталған.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 37 жастағы әйел – Талғар тұрғыны. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның күйеуі ұсталды. Тергеушілер ер адамның қылмысқа не себепті барғанын анықтады. 6 қыркүйекте үйде жанжал шыққан. Сол кезде ер адам әйелін ұрып өлтірген. Одан кейін денесін арбаға салып, Үлкен Алматы арнасына лақтырып жіберді.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button