Қазақстан аруы-2015 Әлия Мергембаева мамандығы туралы айтып берді

Қазақстан аруы-2015 Әлия Мергембаева мамандығы туралы айтып берді

Қазақстан аруы-2015 Әлия Мергембаева мамандығы туралы айтып берді
ашық дереккөзі
210

18 желтоқсанда әлемнің ең сұлу қызының аты белгілі болады. Конкурсқа еліміздің атынан «Қазақстан аруы-2015» жеңімпазы 18 жастағы Әлия Мергембаева қатысады, деп хабарлайды  BNews.kz.

Әлия Мергембаев – Ақтау қаланысың тумасы. Сондықтан, алдағы байқауға Алматы және Ақтау қаласында дайындалып жатыр. Оны конкурста таныстыратын бейнежазба желіге шықты. Видеода Маңғыстау облысының сұлу табиғаты көрсетіліп, Әлия өзінің болашақ мамандығы мен қызығушылығы туралы айтып береді. Оны «Әлем аруы-2016» байқауының ресми сайтынан көруге болады.

Әлия көп балалы отбасында дүниеге келген. Ол кішкентай бүлдіршіндерді жақсы көргендіктен, отбасында бала көп болғанына қуанышты. Анасына балаларды бағып-қағуға көмектеседі. Ал, болашақ мамандығын туризммен байланысты болады деп отыр.

«Менің туған қалам – Ақтау Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Мұнайшылар мен теңізшілердің тұрақты, заман талабына сай дамып келе жатқан қаласы. Ал, болашақ мамандығым туризммен байланысты болады. Егер адамдар түрлі елге саяхаттап, олардың мәдениеті және дәстүрімен танысса, әлем тұрғындары қайырымды болар еді деп ойлаймын», – дейді Әлия.

Бұдан басқа, Әлияның конкурсқа арналған кәсіби суреттері де дайын.

Айта кетейік, «Әлем аруы-2016» АҚШтың Вашингтон қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары