«ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы талқыланды

«ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы талқыланды

«ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы талқыланды
ашық дереккөзі
256
Солтүстік Қазастан облысының әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың 9 айындағы өнеркәсiптiң даму қорытындысы мен «ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бiрiншi мәселе бойынша индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады. 2016 жылдың 9 айы бойынша облыста 131,5 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, ал физикалық индекс көлемi 100,5%-ды құрады. 2016 жылдың 9 айында былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда, өндiрiлген өнiм көлемi жоғары, атап айтқанда, азық-түлiк өнiмi 5,9%, сусындар 2,2 есе, жеңiл өнеркәсiп 5,5%, химиялық өнеркәсiп 16,1%-ға артқан. Өңiр басшысы кәсiпкерлерге қажеттi қолдау көрсетiлуiн тапсырды. «Әрбiр өндiрiс орнымен жұмыс жүргiзу қажет. Аудан әкiмдерi, өндiрушiлерге қолдау көрсетiлуi керек», - деп атап өттi Ерiк Сұлтанов. «ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Құралай Жарова баяндады. Халықаралық көрменi насихаттау барысында облыс көлемiнде баннерлер, «Ақылды қала» типiндегi автобус аялдамаларында хабарландырулар iлiнiп, Петропавл қаласының көшелерiнде, қоғамдық көлiктерде, кейбiр екiншi деңгейлi банк филиалдарында жарнамалық аудио және бейнероликтер дыбысталып, көрсетiледi. «Жергiлiктi «Прогресс» туристiк фирмасы «ЕХРО-2017» көрмесi мен Солтүстiк Қазақстан облысының туристiк нысандарын тамашалауы үшiн Ресей Федерациясының шекаралық облыстарының және өңiр тұрғындарына арнап туристiк бағдар әзiрледi. Аталмыш бағдар көрме қатысушыларына ұсынылатын туристiк бағдарлардың тiзiмiне енгiзiлдi. Бұл туралы мәлiмет Ресей Федерациясының шекаралық өңiрлерiне жiберiлдi», - дедi Құралай Жарова. «ЕХРО» көрмесiне қатысу үшiн түрлi сала өкiлдерiн қамтитын облыс тұрғындарының тiзiмi жасалуда. Бұдан бөлек, өңiрде ағылшын тiлiн меңгерген ерiктiлердi даярлау жұмысы да белсендi жүргiзiлуде. Жастар бастамалары орталығымен бiрге 120 ерiктi iрiктелiп алынды.

Серіктес жаңалықтары