1061
Ақтауда вакцинадан бас тартқан атом энергокомбинатының жүздеген қызметкері жұмыстан шеттетілді
Ақтауда вакцинадан бас тартқан атом энергокомбинатының жүздеген қызметкері жұмыстан шеттетілді
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің" жүздеген қызметкері екі күнн бойы кәсіпорынға кіре алмай жүр, деп хабарлайды Astana телеарнасы.
Олардың жұмыстан шеттетілуінің басты себебі - санитар дәрігердің қаулысы."Біз жұмыстан бас тартпаймыз, бірақ ПТР тестін де апта сайын тапсыруға шамамыз келмейді. Менің жалақым 130 000 теңге. Төрт балам бар. Екпе алудан бас тартамын, себебі мен өзім үшін жауаптымын", - дейді "МАЭК-Қазатомпром" қызметкері Сергей Линк.Мәселені кәсіпорын басшылығы да түсініп отырғанын айтады. Вакцина алмаған қызметкерлерді алмастыратын ешкім жоқ. Санитар дәрігердің қаулысын бұзу мүмкін емес. Сонымен қатар, олар вакцина алмаған адамдарды жұмысқа кіргізу жаппай инфекция жұқтыруға әкеп соғады деп қорқады. Кәсіпорын өтінішті аймақтық санитар дәрігерге жіберуге уәде берді.