1582
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бас бостандығынан айырылғандарға рақымшылық жасалмақ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бас бостандығынан айырылғандарға рақымшылық жасалмақ
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң жобасын қарауға кірісті.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сотталғандардың арасынан кім жазаны мерзімінен бұрын тоқтатуға сене алатыны туралы түсініктеме берілді. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің деректері бойынша, 30 жыл ішінде елімізде сотталғандарға рақымшылық 8 рет жүргізілген. Соңғы 4-еуі Қазақстанның Тәуелсіздік Күндеріне орайластырылды. Бүгін Парламент Мәжілісіне қабылдау үшін жіберілген заң жобасында аса ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасап сотталғандарды жазадан босату ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, рақымшылыққа байланысты заң жобасы бірқатар сотталғандарға негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылмақ."Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы рақымшылықтан кәмелетке толмағандарға зәбір көрсеткендер, жемқорлар, кісі өлтірушілер мен экстремистер, қылмыстық топ мүшелері тыс қалады",-деп нақтылады қылмыстық - атқару жүйесі комитетінде.Сондай-ақ, алдағы рақымшылық туралы заң жобасында жергілікті атқарушы органдар, яғни түрлі деңгейдегі әкімдіктер қабылдауы қажет бірқатар шаралар қарастырылуда.