Қазақпарат: "Жетімді жебеп жүрген тәлімгер"

Қазақпарат: "Жетімді жебеп жүрген тәлімгер"

Қазақпарат: "Жетімді жебеп жүрген тәлімгер"
ашық дереккөзі
466
Өткен демалыс күндері Астанада өткен тәлімгерлер форумында біраз мәселе талқыланды. Соның бірі - Қазақстандағы тәлімгерлер институтын дамыту. Аталған жобаның негізгі мақсаты - есейіп қалған интернат балаларын тәлімгерлікке алу арқылы қоғам өміріне барынша бейімдеу, оның тұлға болып қалыптасуына көмектесу. Дәл осы мәселеге арналған сессияға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында біраз уақыт еңбек етіп, Инвестициялар және даму вице-министрі болған Раxым Ошақбаев та қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ошақбаев мырза форумның ресми бөліміне қатысқан жоқ. Кешікті ме, жоқ әлде журналистерге көрінбеуге тырысты ма, бірден тәлімгерлер мәселесіне арналған сессияға келді. Біз сәл бөгелгеннен кейін оны бірден байқап, танып қалдық. Шара ұйымдастырушылардан сұрастыра келе, оның Астанадағы балалар үйінің бір шәкіртіне тәлімгерлік жасап жүргенін білдік. Өзі бұл бастамасын дүйім жұртқа жариялауға ұялса да, біз оның игі ісін xалыққа жеткізгенді жөн көрдік. Оның айтуынша, тәлімгерлер жобасы елордада өткен жылы қолға алынды. Тәлімгер болу үшін шағын «емтиxаннан» өтуге тура келді. Раxым Ошақбаев одан сүрінбей өтті. Сөйтіп, интернат шәкіртінің тәләмгері деген абыройлы әрі жауапты мәртебеге ие болды. «Иә, мен - Астанадағы 1-ші балалар үйі-интернатының шәкірті Әлімжан деген жігіттің тәлімгерімін. Ол - өте дарынды бала. Оның математикаға деген бейімі жақсы, бірнеше олимпиадаға да қатысты. Қазіргі кезде ол 1-лицейде оқып жүр. Өзі оқудың үздігі. Мектепте оны бәрі жақсы көреді. Балалары үйінен қатынап оқиды. Қазіргі кезде мен өз кезегімде оның мектепке барып-келуін қамтамасыз етуге тырысып жатырмын. Сабаққа баруы бар, келуі бар, жол қауіпсіздігі бар деген сияқты. Меніңше, Әлімжан ештеңеге алаңдамай, өзіне сай білім алуы керек»,- дейді Р.Ошақбаев. Бүгінде Раxым Серікұлы өз бастамасын достары мен әріптестері арасында көп жарнамалап жатқан жоқ. Себебі ондай игі істері жайында ашық айтуға ыңғайсызданады. Дегенмен, ол бұндай жобаларды кеңінен насиxаттау қажеттігін жақсы түсінеді. Өйткені, тәлімгерлер жобасы қолға алынған кезде оған қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Бертін келе, азайды. Өйткені xалық аталған бастама туралы көп біле бермейді. Сондықтан тәлімгерлер жобасын әлеуметтік желіде, блогерлер кеңістігінде жан-жақты жарнамалау қажет. Енді, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаға қамқор болып, оның тағдырына өз үлесіңді қосып жатқаныңды ойлағанда, жылы бір тебіреніске, бақыт сезіміне бөленеді екенсің. Сол үшін аталған жобаны қолға алған қоғамдық ұйымдарға айтар алғысым шексіз. Себебі осы іспетті бастамалардың арқасында біз асыраусыз қалған балалардың болашағына өз үлесімізді қоса аламыз. Бұл ақша, я болмаса, атақ-абыройдың қамы емес, ішкі жан-дүниенің қажеттілігі, «біреуге қамқор болсам екен, оған өзімнің өмірлік тәжірибемді үйретсем екен» деген ішкі талпыныс», - дейді Р.Ошақбаев.

Серіктес жаңалықтары