Алматыдағы Наурызбай ауданында екі бала терезеден құлап, қаза тапты. Әкімдік ақпаратты растады. Алматы әкімі қаза тапқан балалардың ата-аналарына көңіл айтты. Полиция бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы тексеріп жатқанын хабарлады.