Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Универсиада-2017 ге дайындалып жатыр

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Универсиада-2017 ге дайындалып жатыр

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Универсиада-2017 ге дайындалып жатыр
ашық дереккөзі
296
Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша студенттік құрамасы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада-2017 ойындарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша құрамасының бас бапкері Құралай Үзірова осыған орай былай деп атап өтті: "Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша командасы алда келе жатқан студенттік ойындарға белсенді дайындық үстінде. Ерлер құрамасы атынан шығатын Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев өздерінің жеке бапкерлерімен бірге АҚШ-да дайындық жүргізуде, ал әйелдер командасына кіретін Айза Имамбек және Регина  Глазман қазір Алматыда жаттығуда". Құралай Үзірованың сөзінше, Жастар арасындағы гран-при додасында Айза Имамбек жақсы нәтижелерді көрсетті. Жаттықтырушылардың барлығы Универсиада-2017 ойындарында Айза Иманбек ең үздік спортшылардың ондығына енетіндігіне сенімді. Дегенмен, Қазақстан құрамасында алтын жеңуге басты үміткер Денис Тен болып отыр. "Біз алдағы Универсиада-2017 жарыстарында медальдерді жеңіп алуға тырысатын боламыз. Атын жүлдеге басты үміткер болып табылатын Денис Тен студенттік ойындарға қатысу жөнінде шешім қабылдап, қазір ең жоғары деңгейде өнер көрсету үшін өзін қалыпқа келтіруде", - деді Құралай Үзірова. Алматы қаласында өтетін алдағы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы жүлделерге таласпақ.

Серіктес жаңалықтары