223
Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
Түркияда Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген айыппен 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Anadolu. Бұл жаз айларындаңы сәтсіз көтерілістен кейін Үкімет тарапынан қолданылған шара болатын.
Resmi Gazete-нің ресми деректері бойынша 10 мың 131 жұмысшы жұмыстан босатылған. Оның ішінде 32-сі парламент шенеунігі, 183 адам кассациялық соттан, 2534 адам елдің әділет министрлігінен, 102-сі сыртқы істер министрлігінен, сондай-ақ 101 адам Түркияның Қарулы күштерінен, деп жазды gazeta.ru.