Қазақстан, Өзбекстан мен Ресей мамандары бөкендерді қорғауды талқылады

Қазақстан, Өзбекстан мен Ресей мамандары бөкендерді қорғауды талқылады

Қазақстан, Өзбекстан мен Ресей мамандары бөкендерді қорғауды талқылады
ашық дереккөзі
745
Оралда еліміздегі киіктерді қорғау бойынша инспекторлардың қатысуымен халықаралық конференция өтті. Шара барысында Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елінің мамандары бөкендерді қорғаудың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылады. Бес жыл бұрын Орал аумағындағы бөкендер баудай түссе, былтыр Бетпақдала популяциясына жататын 150 мыңдай киік қырылып қалды. Жануарлардың азаюына оларды мүйізі үшін аулайтын браконьерлердің заңсыз әрекеттері де себеп. Соңғы 5 жылда қаскөйлерге қатысты мыңдаған қылмыстық іс қозғалған. Алайда бұдан браконьерлер саны азайған емес. Осындай жағдайда дала еркелерін сақтап қалудың жаңа әдіс-тәсілдерін молынан енгізу, трансшекаралық аймақта бірлескен іс-әрекеттердің механизмдерін күшейту міндеті қойылып отыр. Әсіресе жинақталған озық тәжірибемен бөлісіп, инспекторлардың біліктілігін көтеруге күш салуымыз қажет дейді мамандар. Талғат Бердешов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы: – Халықаралық кездесудің меморандумы бойынша жүзеге асыру жайындағы жоспарды пысықтап, соның ішінде шараларды қазіргі заңнама талаптарына қарай істейміз деген ойларымыз бар. Негізі осындай кездесулер бізге тәжірибе және үлкен бір ақпарат ретінде бізге өте пайдалы кездесу болды деп есептеймін.

Серіктес жаңалықтары