Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Асқар Мамин эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен, қазір 0,93 деңгейде», – деді Мамин Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, Мамин ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлерде Ashyq жүйесіне қосылған бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button