ШҚО-да анасы дүкен аралап жүргенде жоғалған 3 жасар бала табылды

ШҚО-да анасы дүкен аралап жүргенде жоғалған 3 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған әйел ұлының жоғалғанын жеткізді. Әйел дүкен аралап, үйге азық-түлік алып жүргенде 3 жасар баласы жоғалып кеткен. Өз бетімен дүкен маңайын қанша іздегенімен одан еш нәтиже шықпаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Талғат Сағынғанов бүлдіршінді үй аулаларының бірінен тауып алған. Бала анасын іздеп жылап жүрді. Тәртіп сақшысы оны бірден шешесіне жеткізді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Back to top button