Бүгін түнде Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. 20 тамыз күні сағат 01.00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді. «Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Жүктелуде...