Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева биылғы оқу жылында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді. Биыл балаларға ата-анасының жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді. «Мектеп формасына тоқталатын болсақ, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Қара-қоңыр түсті шалбар, ашық түсті жейде, футболка киюге болмайды. Аяқ киім түріне ешқандай талап жоқ. Балаға туфли алуға ата-анасының жағдайы келмесе, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады», - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы. Жалпы Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 207 - мемлекеттік, 71 - жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.
Жүктелуде...