Жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны жанжал кезінде әйелін тірідей өртеп жіберген

Павлодар ауданының Розовка ауылында мас ер адам жанжал кезінде әйелін өртеп жіберді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жанжал кезінде күйеуі тоңазытқыштан алкоголь алып, жұбайына құйып, өртеп жіберген», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Бірақ бірден есін жиған ер адам жалма-жан өртті сөндіруге тырысқан, артынша жедел жәрдем шақырған. І дәрежелі күйік алған әйел ауруханаға жатқызылды, оған шұғыл түрде қан керек.

Полиция қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.

Back to top button