569
Зардап шеккендер бар: Оралда балабақша өртенді
Зардап шеккендер бар: Оралда балабақша өртенді
"Айлин 3" балабақшасының шатырында от тұтанды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Тимофеев 22 мекенжайындағы "Айлин 3" балабақшасында болған.- Өрт сөндірушілер келген кезде шамамен ауданы 350 шаршы метр болатын 3 қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.Орал қаласы ТЖ бастығының орынбасары Ерлан Айтқалиев қазір балабақша жөндеуге жабылғанын және онда балалар болмағанын айтты.
- Өкінішке орай, зардап шегуші бар, ол - шатырды жөндеген қызметкер - деді ол.БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өрт кезінде 48 жастағы ер адам зардап шеккенін айтты.
- Ол екі аяғының 1-2 дәрежелі термиялық күйігін алды. Облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Қазір басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.