Шенеунік карантин ережесін бұзған зайыбы үшін кешірім сұрады

Шенеунік карантин ережесін бұзған зайыбы үшін кешірім сұрады

Шенеунік карантин ережесін бұзған зайыбы үшін кешірім сұрады
ашық дереккөзі
817

"Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс карантин ережесін бұзған әйелі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды NEGE.

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері мониторингтік топтар жүргізген тексерудің бірінде белгілі блогер Әлия Исенова мен энергетика министрлігінің басқарма төрағасы Бақытжан Ілиястың әйелі Мадина Сейтбаталованың түнде ойын-сауық мекемелерінде жүргені анықталды. Шенеунік карантин кезінде қыдырып жүрген әйелі үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды.
“Мен әйеліме қатысты караокеде болған кешегі оқиға туралы айтқым келеді. Мен өз әріптестерім сияқты санитарлық дәрігерлер ұсынған барлық сақтық шараларын қатаң сақтаймын. Мен сіздерден кешегі оқиға үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мен әйеліме бәрін түсіндірдім, бұдан былай бұл қайталанбайды”, – деді "Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс.
 

Серіктес жаңалықтары