50306
Беларусь бапкерлері эстафетаға қатысудан бас тартқаны үшін спортшыны Токиодан қуып жатыр
Беларусь бапкерлері эстафетаға қатысудан бас тартқаны үшін спортшыны Токиодан қуып жатыр
Беларусь спортшысы Кристина Тимановскаяны бапкерлері Токиодан қуып жатыр. Бұл туралы Еurosport жазады.
Бапкерлер қысқа қашықтыққа жүгіретін Кристинаға айтпай, оны 4х400 эстафетасына қатысатын атлеттер тізіміне қосқан. Мұндай қашықтыққа бұрын-соңды жүгіріп көрмеген ол жарысқа қатысудан бас тартқан. Сөйтіп, ол 2 тамыз күні өтетін өзінің «сүйікті» сайысы 200 метрге жүгіруге дайындықты жалғастыра берген. Алайда, ашуға мінген бапкерлер Кристинаны еркінен тыс әуежайға апарып, Минскіге қайтарғалы жатыр.
Беларусь құрамасы Токио Олимпиадасында батуттан секіру сайысы бойынша алтын жүлдені жеңіп алған болатын.