«Linkedin» интернет-ресурсы бұғатталмайды

«Linkedin» интернет-ресурсы бұғатталмайды

«Linkedin» интернет-ресурсы бұғатталмайды
ашық дереккөзі
294

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі linkedin.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты «Linkedin» компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Linkedin» сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады. Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен linkedin.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. «Linkedin» компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары