29 шілдеде қандай елеулі оқиғалар болды?

1990 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында «Азия дауысы» атты музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті;

1994 жылы үкіметтің реформаларды тереңдетуге және экономикалық дағдарыстан шығуға арналған бағдарламасы жарияланды;

2000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды;

2002 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу ережесі бекітілді;

2013 жылы «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде «Біз куәгерміз» атты жаңа кіші зал ашылды. Ол концлагерьде тұтқын болғандардың әйелдеріне арналған;

2013 жылы мемлекеттік комиссияның шешімімен Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің – «Жел энергиясы» логотипі бекітілді.

Back to top button