Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарының 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында финалға өте алмай қалды. Дмитрий өз тобында жарысты жетінші болып аяқтады. Оның көрсеткіші – 2:09.22. Өкінішке қарай, бұл нәтиже финалға шығуға жеткіліксіз. Осылайша, Дмитрий Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында дәл осы сайыста топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
Жүктелуде...