Құрғақшылық: Атырау облысында төрт түлікпен қатар балық та қырылып жатыр

Құрғақшылық: Атырау облысында төрт түлікпен қатар балық та қырылып жатыр

Құрғақшылық: Атырау облысында төрт түлікпен қатар балық та қырылып жатыр
ашық дереккөзі

Атырау облысында құрғақшылықтан төрт түлік пен қатар балық та қырылып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Исатай ауданындағы каналдарға екі-үш жылдан бері жарытып су келмеген.  Соңғы жылдары қар мен жауын-шашын да түспейді. Салдарынан, шөлге шыдамаған мал қырылып жатыр. Шаруалар қанша айтып шырылдағанымен жергілікті биліктен қайыр жоқ. Олар облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың ауданға келіп, жағдаймен танысуын талап етіп отыр.