Жалбыз, бұрыш жалбыз, кермек жалбыз - қолдан өсірілетін және жабайы өсетін өсімдік.
Жапырағында ментол бар. Одан жасалатын дәрілер жүрек айнығанда, құсқанда, жұмсақ еттер тырысқанда тыныштандыру және дененің құрыстанғанын жазу үшін, өт айдайтын, қатты ауырудың бетін қайыратын дәрі ретінде беріледі.
Одан бөлек жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде ауыз шаятын сұйық дәрілер, тіс тазалағыш ұнтақтар мен пасталардың құрамына қосылады, түрлі дәрілердің иісін келтіру үшін қолданылады.