512
Өзін-өзі ұсынған 100-ге жуық кандидат әкім болып сайланды
Өзін-өзі ұсынған 100-ге жуық кандидат әкім болып сайланды
Кешегі әкімдер сайлауында өзін-өзі ұсынған 100-ден астам үміткер жеңіске жеткен. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі саяси партияларға кешегі сайлауға бұдан да белсендірек қатысуы керек болғанын айтады.«Саяси партиялардың бұл процеске қатысуы әкімдерге қосымша ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берер еді. Партияның саяси, әкімшілік, тіпті кей жерде медиа көмегін қосымша ресурс ретінде пайдалана алушы еді. Яғни, әкім өз округінде жалғыз болмай, партиялар жанындағы талдау орталықтарының интелектуалдық қуатын пайдаланып, ауылда бизнесті дамытып, түрлі мәселелерді шешудің жан-жақты жолдарын көрсете алатын. Бірақ «Ауыл» және «Nur Otan» партияларынан басқасы осы мүмкіндікті жіберіп алды деуге болады. Менің түсінуімше басқа партиялар аса бір белсенді қатысқан жоқ», - дейді сарапшы.
«Соңғы ақпараттар бойынша өзін-өзі ұсынған 100-ден астам үміткер әкім болған. Жалпы кандидаттардың 3/2-сі өзін-өзі ұсынғанын білесіздер. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бір жағынан, адамдар реформаға сенгендіктен белсенді атсалысып отыр. Бір орынға шамамен 3 үміткерден түскен. Екінші жағынан, қатысу деңгейінің жоғары болуы халықтың дауыс беру арқылы өз өмірлерін өзгертуге болатынына сенетінін көрсетті. Яғни бұл демократияның жақсы мектебі. Бұл елді мекендерде сайлау қорытындысын бұрмалаудың өзі өте қиын болар еді. Өйткені бәрі бір-бірін жақсы таниды. Тіпті кейбір шағын округтерде халық аула-аулаға кіріп, кімнің кімге дауыс бергенін Exit poll өткізбей-ақ анықтауға болады. Сәйкесінше сайлау айтарлықтай әділ, ашық өткен процесс болды», - дейді Талғат Қалиев.