Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 26 шілдедегі ақпаратты ведомствоның telegram каналында жариялады.
26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1444 адамның жағдайы ауыр,
•304 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 183 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.