Сайлау – 2021: Түркістан облысында сайлаушылар 241 учаскеде дауыс беріп жатыр

Түркістан облысында 241 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде барлығы 265 146 сайлаушы бар.

Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

16:00-дегі ақпарат бойынша, барлық сайлаушылардың 60 пайызы ауыл әкімін таңдауға үлес қосқан.

Back to top button