Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты. Жарыстың алғашқы сатысында ол австралиялық Айле Томляновичпен кездескен болатын. WTA рейтингісінде Я. Шведова 454-орында тұрса, қарсыласы 51-орынға жайғасқан. Қазақстандық теннисші бірінші сетте қарсыласына 5:7 есебімен жеңілді. Екінші сетте 2:3 есебі тіркеліп тұрған мезетте қазақстандық спортшы жарысты жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, қазақстандық Елена Рыбакина пен Михаил Кукушкин жекелей сында жарыстың бірінші сатысынан іркілмей өтті . Ал құрама сапынан Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Александр Бублик түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды.
Жүктелуде...