Бауыржан Серікбаев: Бұрын жаппай ауыл әкімін сайлаған ел Орта Азияда жоқ

Бауыржан Серікбаев: Бұрын жаппай ауыл әкімін сайлаған ел Орта Азияда жоқ

Бауыржан Серікбаев: Бұрын жаппай ауыл әкімін сайлаған ел Орта Азияда жоқ
ашық дереккөзі
511

Ауыл әкімдерін сайлау науқаны туралы саясаттанушы  Бауыржан Серікбаев Facebook парақшасында пікір білдірді.

Бұрын жаппай ауыл әкімін сайлап көрген ел Орта Азияда жоқ. Бірінші болып Қазақстан қолға алды. Бұл - тарихи қадам. Осы сайлаудың тарихи тәжірибесімен келесі саяси мәдениетке өтеміз. Әкім сайлауының мақсаты - тереңде. Бұл сайлау 2024 жылы өтетін аудан әкімдерін сайлауға дайындық. Осы тұрғыдан алғанда салмағы да үлкен. Жалпы сайлау бізге ең негізгі 4 өзгерісті береді: 1. Әкімді халық сайлайды. 2. Әкімнің жұмысын ауыл кеңесі толық бақылайды. 3. Әкімнің жұмысы ұнамаса ауыл кеңесі оны қызметтен алу туралы бастама да көтере алады. 4. Әкімге салықтың 11 түрінен түскен өз бюджеті беріледі. Сондықтан бұл жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарын жаңа шарттарда жұмыс істеуге ықпал етеді. Ал енді қалай жұмыс істейді ауыл тұрғындарының белсенділігіне де байланысты. Сауатты саяси мәдениет болса, талап ете білсе заңда барлығы халық жағына қарай ойластырылған. Соны жұмыс істетуді білу керек, дейді ол.

Серіктес жаңалықтары