Сайлау - 2021: Атырау облысындағы учаскелерде 125 байқаушы тіркелген

Сайлау - 2021: Атырау облысындағы учаскелерде 125 байқаушы тіркелген

Сайлау - 2021: Атырау облысындағы учаскелерде 125 байқаушы тіркелген
ашық дереккөзі
360

Атырау облысында 18 әкім сайланады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Атырау облыстық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Азамат Айманақұмов мәлімдеді.

Сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 16 пайыздан астам халық таңдауын жасады. Жалпы, өңірде 18 әкім сайланады. Оның ішінде Атырау қаласы бойынша 2 әкім, Жылой – 2, Индер – 2, Исатай – 1, Құрманғазы – 6, Қызылкөген – 1, Махамбет ауданында 4 әкім сайланады. Санитарлық талаптардың сақталуы мен қоғамдық тәртіпті қадағалауға баса мән берілген. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары, науқан қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Арыз-шағым тіркелмеген.Қазіргі кезде учаскелерде 125 байқаушы тіркелген.

Серіктес жаңалықтары