50294
Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда – бақылаушы
Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда – бақылаушы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылдық округіндегі № 176 сайлау учаскесінің бақылаушысы Шүкір Жетпісбаев аталған елді мекенде елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауының қалай басталғанын айтып берді.
«Мен бақылау жасайтын сайлау учаскесіне 823 адам тіркелген, солардың 50-ге жуығы бір сағаттың ішінде дауыс берді. Осыдан-ақ дауыс берушілердің белсенділігі жоғары екенін аңғаруға болады. Қазір дауыс беруге келген адамдардың көптігі соншалық, тіпті ұзын-сонар кезекте тұр. Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда. Айта кетерлік жайт, сайлау барысында барлық санитарлық талаптар сақталып, арнайы мамандар келушілердің дене температурасын өлшеп, тексеруден өткізіп жатыр», - дейді бақылаушы.