Бүгін елімізде тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы басталды. Елімізде 30 елді мекеннің әкімі тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады, – деп жазды іnform.kz.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар.
Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Осы мүмкіндікті бұл жолғы сайлауда 1419 адам пайдаланып отыр. Сондай-ақ 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны – 1839. Сонымен бірге 458 әйел үміткер бағын сынағалы отыр.
Бүгін сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді.