“Көрші елдер бізге қызыға да, қызғана да қарайды” – Цой вакцина алу мүмкіндігі туралы

Денсаулық сақтау министрі еліміздегі жағдай мен басқа елдердегі ахуалды салыстыра отырып, халықты жаппай вакцина алуға шақырды.

Бұл туралы tengrinews.kz жазды.

«Біз вакцина алған азаматтардың қайғылы жағдайға ұшырамайтынын көріп отырмыз. Бұл – ең басты нәрсе. Сіз жай ғана барып, вакцина алуыңыз керек. Мемлекет вакциналарды тегін ұсынып отыр, мұндай мүмкіндік барлық елдерде бола бермейді.

Көрші елдерге қараңыздаршы. Мұндай қолжетімділік бар екенін көрген олар, бізге қызыға да, қызғана да қарайды, – деп түйіндеді Цой.

Back to top button