Шымкент – шахмат шаһары

Шымкент – шахмат шаһары

Шымкент – шахмат шаһары
ашық дереккөзі
50925
Шымкентте халықаралық шахмат күніне орай ескерткіш ашылды. Орталық саябақта орнатылған шахмат фигурасының биіктігі – 3 м, салмағы – 4 тонна. Сәулетті мүсінді «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атануына орай Black Rock Business ЖШС өкілі Бауыржан Мырзатаев Шымкент қаласына сый ретінде тарту етті. Сондай-ақ бүгін Шымкентте шах­маттан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты басталды. Сайыстың ашылу салтанатына Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко, Black Rock Business ЖШС директорының орынбасары Бауыр­жан Мырзатаев, Қазақстан Шах­мат федерациясы директорының орынбасары Әнуар Исмағамбетов және Visit Shymkent орталығының басшысы Айдарәлі Раманов қатысты.  width=Бұл спорттық сайыс халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шым­кентті зияткерлік шаһарға айнал­дыру­ды мақсат етеді. Қазақстанда тұңғыш рет­ Шымкент мектептерінде шахмат ойы­ны енгізілгені белгілі. Шахмат – әлемдегі кең таралған ойындардың бірі. Шахмат адамның есте сақ­тау қабілетін жақсартып, қиын сұрақ­тарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Шахмат ойы­нынан Шымкент қаласында да жеңісті дәстүр бар. Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғаш­қы гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нақбаева мен Жансая Әб­дімәлік және Гүлмира Дәулетова – Шым­кент қала­сының тумалары. Шахматтан жасөспірімдер арасын­дағы Қазақстан чемпионатының Шым­кентте ұйымдастырылуына Visit Shymkent орталығы бастамашы болып отыр. Айта кетейік, маусым айында Қа­зақстан Шахмат федерациясы қо­ғам­дық бірлестігі мен Visit Shymkent ор­­та­лығы ынтымақтастық м­е­моран­думына қол қойған болатын.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент

Серіктес жаңалықтары