1065
“Бастықтың жеке бақылауында”: Келінінің бетін күйдірген әйелге қатысты полиция пікір айтты
“Бастықтың жеке бақылауында”: Келінінің бетін күйдірген әйелге қатысты полиция пікір айтты
Түркістан облысында қайын апасы шанышқыны отқа қыздырып, келінінің бетіне басқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлаған еді.
Түркістан облысының Полиция департаментінің мәліметінше, желіге жарияланған жазба бірден назарға алынғанын, қажет жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды tengrinews.kz."Негізі бүгінге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де бұл жайт ТО ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылып жатыр. Қосымша хабарлайтын боламыз", - деді ПД өкілдері.