1790
Алексей Цой әріптестеріне әйелдердің қол көтеруі туралы пікір айтты
Алексей Цой әріптестеріне әйелдердің қол көтеруі туралы пікір айтты
Алексей Цой "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында министр әйелдердің қол көтергеніне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы malim.kz жазды."Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрміз. Кейде ол дұрыс форматта өтеді, бірақ көп ретте эмоция мен агрессия қысқан адамдар келеді. Бұл жұмыстың психологиялық тәуекелдері бар. Іште жұмыс істеп жатқан әріптестеріміз зардап шекті. Біз күш көрсету құралдарын қолдана алмаймыз. Алдына ашық шығып, сөйлесейік дедік. Кей азаматтар бізге құақ асса, енді бірі өз пікірінен айнымады. Меніңше, олар әу бастан ызалы болды. Әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық мәселелері бар сияқты. Азаматтарды түсініп, олармен сөйлесуге тырысамыз, бірақ кейде реакция шектен шығып кетеді", - дейді Алексей Цой.Бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында бұл оқиғаны "арсыздық және агрессия" деп сипаттап, шабуыл кезінде министрліктің қоғамдық қабылдау бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкердің зарап шеккенін жазған.