Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде түрме жатақханаларының бірі қирады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екі қабатты ғимараттың төбесі ортасына түскенде, нысанда 10 адам болған. Тоғызы қауіпсіз жерге шығарылды. Екеуі алған жарақаттан көз жұмды. Тағы бір сотталушы іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде бас бостандығынан айырылғандардың туыстары үшін тәулік бойы жедел желі жұмыс істейді. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия тексереді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.