Учаскелік полицейлердің еңбекақысы 33%-ға артады - Ішкі істер министрлігі

Учаскелік полицейлердің еңбекақысы 33%-ға артады - Ішкі істер министрлігі

Учаскелік полицейлердің еңбекақысы 33%-ға артады - Ішкі істер министрлігі
ашық дереккөзі
2379

2022 жылы учаскелік инспектордың еңбекақысы 33%-ға артпақ, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

"Учаскелік полиция инспекторларына еңбекақы төлеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. 2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25%-ға өсті, келесі жылдан бастап тағы да үштен бірге арттыру жоспарланып отыр", - деді ол ІІМ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар, 2019 жылдың шілдесінен бастап учаскелік инспекторларға тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді, ал 1 қаңтардан бастап бұл құқық олардың көмекшілеріне беріледі.
Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларын полицияның ұлттық сервистік моделіндегі басты тұлға ретінде белгіледі. Оның мәртебесін заңды түрде көтеру, оған тиімді жұмыс істеу үшін барлық өкілеттіктерді беру тапсырылды. Осыған байланысты, биыл шілде айынан бастап учаскелік полиция қызметкеріне жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу және олардың орындалуын талап ету құқығы берілді, — деді Алексей Милюк.
Енді учаскелік инспекторлар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін, сондай-ақ темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдануы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары