792
Өткен аптада 13 адам кісі қолынан қаза тапқан
Өткен аптада 13 адам кісі қолынан қаза тапқан
Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның ақпарат алаңында өткен аптадағы кримминогендік жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бір аптада елімізде 3 237 қылмыс жасалды. Оның 2 212-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 8 кісі өлімі, өлімге әкеп соққан 5 жағдайы, бір қарақшылық, 41 тонау және 505 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ізін суытпай ашты», - деді ІІМ өкілі.Бұған дейін хабарлағанымыздай, 100 мыңға жуық қазақстандық наркологиялық есепте тұр. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, учаскелік полиция қызметкері ондай азаматтарды мәжбүрлеу емдеуге бағыттауға құқылы.