361
19 шілде: Тәуелсіздік күнтізбесі
19 шілде: Тәуелсіздік күнтізбесі
(1996) Атлантада XXVI Олимпиада ойындары басталды. Оған спортшылардың рекордты саны - 10 744 (7060 ер, 3684 әйел) адам қатысты. Қазақстан Аталантада тәуелсіз мемлекет ретінде тұңғыш жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
3 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 24-орынға табан тіреді.
Көк байрақты желбіретіп, Әнұранымызды әуелеткен «алтын» спортшылар - Юрий Мельниченко (грек-рим күресі), Алексендр Парыгин (бессайыс) және Василий Жиров (бокс).
(2005) Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылында (Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелі болысының №4 ауылы) қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевтың туған ауылында, атақты жерлестеріне арналған болашақ мемориалды кешеннің алғашқы іргетасы қаланды.
Шараға Астанадан, көрші облыстардан келген қонақтар, жергілікті халық, барлығы мыңдаған адам қатысты. Олар аудан орталығындағы академиктің мұражайына, Бұқар жыраудың, философ және әдебиеттанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, қазақ поэзиясының классигі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың басына барды.
(2005) Петропавлдың бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретшілердің «Жаз тынысы» көрмесі ашылды.
Көрмеге Қазақстан Респуликасы еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Анатолий Бургаев, бірнеше жеке көрме ашқан Валерий Савельев, Григорий Кайдаш сияқты танымал қылқалам шеберлерімен қатар, барлығы 9 суретшінің туындылары қойылған. Солардың ішінде Есіл ауданындағы Явленка селосынан әуесқой-суретші Вячеслав Смирнов көрмеге алғаш рет қатысты.
(2007) Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттардың кезекті сайлауы барысында туындауы мүмкін ақпараттық талас-тартыстарды қарастыратын қоғамдық кеңес құрылды.
Қоғамдық кеңес құрамына Орталық сайлау комиссиясы мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары кіріп отыр. Кеңестің басты мақсаты сайлау науқаны барысында туындаған ақпараттық таластарды, түсінбеушіліктерді, сондай-ақ, сайлау заңнамасы мен Конституцияға сәйкес сайлау нормаларын сақтауды алқалы түрде қарастыру болып табылады.
(2010) Леоу Нин (ҚХР) университетінің профессоры Су Шу Янның «Қытайтану» кітабы жарыққа шықты.
Оны қытай тілінен қазақ тіліне Дулат Мәлікұлы, Бек Дөкейұлы, Серік Кененбай аударды. Қазақстанда кітап «Хұснихат» баспасынан шықты.
(2010) ҚР Презиленті «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңына қол қойылды.
Ол әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталды.
(2010) Шанхай ынтымақтастық үйымына Қазақстан төрағалығының ресми веб-сайты - ww.sco2011.kz қызметін бастады.
(2012) Семейде Полковничий аралында «Әлем музейі» жобасы таныстырылды.
(2014) Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының базасында «Алтын Үкі-2014» арнайы мақсаттағы бөлімшелердің снайперлік жұптарының халықаралық жарысы аяқталды.
Жарысқа Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Пәкістан, АҚШ, Қытай әскери қызметшілері қатысты. Нәтижесінде Қазақстанның арнайы мақсаттағы қызметкерлері жеңімпаз атанды. 2 орынды ҚХР, 3 орынды Ұлыбритания әскери қызметшілері алды.