Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
194
Өзбекстанның Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-171 тікұшағы Ферғана облысында әуе апатына ұшыраған. Тікұшақтың бортында болған экипаждың үш мүшесі мен Өзбекстанның Қарулы күштерінің алты адамы қаза тапқан. Қайғылы оқиға 18 қазанда жоспарлық ұшу кезінде болған, - деп хабарлайды UzDaily.uzсо басылымы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Әуе апатының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Өзбекстан басшылығы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Ми-171 тікұшағы - ресейлік тасымалдаушы тікұшақ. Оның 26 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары