Анасын өлтірген қылмыскер қарызға ақша бермеген көршілерін пышақтап тастаған

Анасын өлтірген қылмыскер қарызға ақша бермеген көршілерін пышақтап тастаған

Анасын өлтірген қылмыскер қарызға ақша бермеген көршілерін пышақтап тастаған
ашық дереккөзі
1357

Алматы облысында қылмыскер көрші қарт адам мен оның тоғыз жастағы немересін пышақтап тастады.

Ал, қылмыскер бұрын туған анасын өлтіріп, түрмеге отырып шыққан екен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Мұнда ер адам төрт жыл бұрын көрші әйелмен отасып, бірге тұруға келген екен. Әуел баста оның түрмеге отырып шыққанын естігенімен, жылы шырай танытып, амандасып жүргенін көрген соң бір қателік жасаған шығар деп қабылдапты. Ал ол болса жарты жылдан бері арақ ішіп, мінезін көрсете бастапты.
Мен әйелінен күйеуінің ісі жақсылыққа әкелмейтінін, сондықтан онымен ажырасып, құтылу керектігін айттым. Бірақ, ол созып жүріп алды. Қайғылы жағдайдан 4 күн бұрын менің анам мен әлгі еркектің арасында ауладағы ит үшін жанжал болған. Сол уақытта да кетсін дегенмін. Енді міне, соңы осылай аяқталып отыр, - дейді марқұмның қызы Тахмина Саталкина
Келген бойда қарияның басынан балтамен ұрып, сосын пышақтаған. Сол уақытта үйдің ішіндегі 9 жастағы Алексей көмекке келіп, әжесін құтқармақ болыпты. Алайда, көзі қанталаған ер адам оған да пышақ  ала жүгірген. Қашып сыртқа шыққан жеткіншек бірден көршілерін көмекке шақырыпты. Көршілері 53 жастағы қаскөй мұны әдейі істеді деп есептейді. Өйткені, қылмыстық алдында балтасы мен пышағын қайратқан екен. Әркімге бір жалданып жұмыс істеген ол соңғы уақытта есірткіге тәуелді болып қалған көрінеді. Оны сатып алатын қаражаты болмағасын, соңы осылай болды деп отыр. Ал, жарақат алған жеткіншек қазір Есік қаласының ауруханасында.

Серіктес жаңалықтары