Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты

Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты

Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
ашық дереккөзі
3038

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың жаңа болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық жағдайды (КВИ «Дельта» штамының белсенді таралуын) және вакцина салуды ескере отырып, министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.
Пессимистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ», - деп жазды министр facebook парақшасында.
Екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ.
«Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін», - деп толықтырды А. Цой.
 

Серіктес жаңалықтары