2021 жылғы 13 шілдедегі ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" ауысты.
Осылайша, "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары аймақта" - Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.
"Жасыл аймақта" - Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.