«Nur Otan»-нан сайланған мәжіліс депутаттары шалғай елді мекендерге аттанды

«Nur Otan»-нан сайланған мәжіліс депутаттары шалғай елді мекендерге аттанды

«Nur Otan»-нан сайланған мәжіліс депутаттары шалғай елді мекендерге аттанды
ашық дереккөзі

Бүгін еліміздің аймақтарында «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендердің халықпен кездесуі басталды. Халықты толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударылмақ.

Нұротандық депутаттар облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғай елді мекендерге де барады. Әр өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымымен кездесу жоспарланған. Сонымен қатар, халық қалаулылары азаматтарды қабылдау өткізеді.  width= Жалпы, депутаттар сайлаушылармен мыңнан астам кездесу өткізеді. Олар екі кезеңде: осы жылдың 7-16 шілдесі мен 19-28 тамызы аралығында өтеді. Кездесулер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады. Айта кету керек, Мәжілістің VII шақырылымының бірінші сессиясында Палатаның қарауында 86 заң жобасы болды, оның 49-ы мақұлданып, Сенатқа жолданды.  width= Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, «Nur Otan» фракциясының мүшелері өздерінің заң шығару бастамасы құқығын белсенді пайдалана отырып, 10 заң жобасын әзірледі. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, банк жүйелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, өңірлік даму және т.б. мәселелерге қатысты 94 депутаттық сауал жолдады.