«Қазақстан темір жолы» Басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды. Әнуар Ахметжанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.