Қазақстанда 277 мың адам диабетпен тіркелген

Қазақстанда 277 мың адам диабетпен тіркелген

Қазақстанда 277 мың адам диабетпен тіркелген
ашық дереккөзі
269
Елімізде жиі кездесетін аурулардың бірі - сусамыр, диабет. Кейінгі жылдары тіпті жас балалар да осы ауруға шалдығып, дереу алдын алу жұмыстарын жүргізуді талап етуде. Астанада 80 студенттен құрылған еріктілер тобы "Назар аударыңыз: диабет жаныңызда" жобасы аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне диабеттің бастапқы сатылары, аурудың белгілері мен емдеу бойынша түсіндіру жұмыстарына кіріспек. Қазақстанда 277 мың адамға диабет дерті диагнозы қойылған. Өкінішке қарай, әрбір бес жыл сайын олардың қатары көбейіп келеді. Ауруға шалдыққандардың 90 пайызының дерті диабеттің 2 сатылы түріне өтіп кеткен, яғни қимыл-қозғалысы аз өмір салты мен дұрыс тамақтанбаудың кесірінен диабетке шалдыққан. Бұл жоба бойынша Алматы қаласында 154 мектепте түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 24 мың рет қант глюказасы тексерілді. Астанада студенттер мектеп мұғалімдерімен және қызметкерлер құрамымен кездесулер өткізеді, бірге олар мектептерде диабеттің алдын алу бағдарламасын жасайды, барлық қажетті ақпаратпен арнайы диабет бұрышын ұйымдастырады, диабетпен ауыратын балалар үшін мектепті қалай қолайлы орта ету жайлы айтады. Одан басқа, жоба аясында мектептердің қызметкерлер құрамы мен қаланың ересек халқы арасында қант диабетіне скрининг өткізу жоспарланды. «Жоба аясында Алматыда 12,1%-да қант жоғарылығы анықталған  24 000-нан астам адам тексеруден өтті, ол адамдар одан әрі тексеруден өтіге жіберілді. Бұл сандар диабет ауруымен есепте тұрған 277 мың адамнан басқа өздерінің осы аурумен ауыратындығын білмейтін соншалық адамның барлығын көрсетті. Көбіне адамдар өз аурулары жайлы денсаулығына түзетуге келместей зиян келтіріп үлгерген 5, тіпті 10 жылдан кейін біліп жатады», - дейді «ҚР диабеттік ағартушылық қоры» ҚҚ негізін қалаушы Наталья Тукалевская. Жоба волонтерлері ағарту жұмысының келешек ұрпақ бұл ауруға шалдықпас үшін балалар мен олардың ата-аналарында диабет пен оның алдын алуы жайлы дұрыс түсінік қалыптасуына көмек беретіндігіне сенімді. Ал скринингтер ересек адамдарда диабет ауруының бастапқы сатыларын анықтауға және ағзаға зиянын тигізіп үлгермей тұрып оны бақылауға алуға көмектеседі. «Назар аударыңыз: Диабет жаныңызда!» жобасы жайлы Кең көлемді жобаны Астана мен Алматы қалалық әкімшіліктерінің қолдау көрсетуімен «Қазақстан Республикасының Диабеттік Ағартушылық Қоры» Қоғамдық Қоры жүргізеді. Жоба болашақ ұрпақ денсаулығына немқұрайды қарай алмайтын медик-студенттерден құралған 200-ден астам волонтерді қамтиды.

Серіктес жаңалықтары